Павлодарда бос тұрған үй-жайда асылып қалған ер адамның денесі табылды
Оқиға орнына бір техника, облыстық ТЖД техникасы және төрт қызметкер жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 06.43-те Нұркин көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрған тұрғын емес үй-жайдың екінші қабатында асылған ер адам табылғаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар шақыру орнына келген соң полиция қызметкерлерінің қатысуымен альпинистік құралдардың көмегімен арқанды кесіп, ер адамның денесін төмен түсіргеннен кейін полицияға тапсырды.