Екібастұздық көпбалалы ананың тілегі орындалды

Бір жыл бұрын Аяна Смағұлова Қазақстан Республикасы Президентінің атына өтініш білдірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ол мемлекетіміздің гүлденген әрі көптеген елдің ішінде ең үздік, балалардың бақытты әрі риза болғанын армандайды.
– Менің ойымша, мұндай орталық әр қалада жоқ шығар, сондықтан арманымның орындалғаны үшін президентке алғысым шексіз, – деп Аяна Смағұлова қуанышымен бөлісті.
17 желтоқсанда «Самғау» балалар шығармашылық орталығы салтанатты түрде ашылған.
– Ғимаратта қосымша тоғыз мың бала білім алады, бұл қосымша білім беруді 70 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі Асайын Байханов. – Ғимарат қаланың дәл ортасында көлік қатынасы ыңғайлы жерде орналасқан және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті білім беру талаптарына толық сәйкес келеді: лифт, сахнаға көтеру механизмдері, тифло және сурдотехникасы бар.
Аймақ басшысы орталықтың жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталғанын әрі қосымша білім беру жүйесінің заманауи үлгісінің 12 бағыты бойынша оқытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Біз гидропониканың ғылыми-биологиялық зертханасын ерекше мақтан тұтамыз, мұнда балалар өсімдіктерді өсіріп, озық технологияларды, ландшафттық сәулет пен флористиканы, сән индустриясын, соның ішінде сән дизайны мен киім тігу технологияларын зерттей алады, – деп атап өтті Асайын Байханов.
Орталықтың хореография, кескіндеме, журналистика және түрлі қолданбалы ғылымдарды қамтитын секцияларының тұсаукесері барысында облыс әкімі жасыл зертханада микрожасылдар отырғызды.
Аймақ басшысы орталық аптасына жеті күн жұміс істейтінін атап өтті. Сондықтан әрбір бала кез келген күні қабілеттерін дамытып, болашаққа батыл жоспарлар құра алады.
Алдағы уақытта Екібастұзда және облыс орталығында мұз сарайлары мен көркем гимнастика сарайын салу жоспарлануда.