Павлодарда көмір сататын негізгі орындар

Павлодарда көмір сататын негізгі орындар
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық фирмалар көмірді сатып алу бойынша разрездермен келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Суық түсе бастағанда тұрғындар жаппай көмір сатып алады, сондықтан қажетті қорды қазір дайындау маңызды. Біздің міндетіміз – көмірдің үздіксіз әкелініп тұруы үшін разрездермен және көлік компанияларымен жеткізу жұмысын жолға қою. Сонымен қатар, бағаны бақылау, – деп атап өтті қала әкімі Ержан Иманзайыпов көмір сататын орындарды аралау барысында.

Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы бөліміне кезекті жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.

Қатты отынды сататын негізгі орындар келесідей:

«А-Вест Павлодар» — Товарная көшесі, 25.

«Север Энерго Уголь Снаб» ЖШС — Товарная көшесі, 25.

«Элит КЗ» ЖШС — Шығыс өндірістік аймақ көшесі, 2.

«IhsanGroupKz» ЖШС — Жаңаауыл, өзен порты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov