Жаңа жылдан бастап Екібастұз тұрғындары су ақысын дифференциалды төлейді
Бұл тәсіл суды үнемдеу мақсатында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап сумен жабдықтауға дифференциалды тарифтер күшіне енеді. Енді сумен жабдықтау қызметінің құны тұтыну көлеміне байланысты болады. Сондықтан көрсеткіштерді дұрыс есептеу үшін үйде немесе пәтерде тұратын адамдардың саны туралы ақпаратты жаңарту маңызды.
Тарифтің құны бір адамның қанша су жұмсағанына байланысты болады. Бұл қалпына келмейтін табиғи ресурс – суды үнемді тұтынуды ынталандыру мақсатында жасалады.
Базалық тариф судың текше метрі үшін – 165 теңге, ал салықты қосқанда 185 теңге болады. Жеке су есептегіштері жоқ жеке тұлғалар салықсыз – 331 теңге, ал салықпен 371 теңге төлейді.