Екібастұз ЖЭО «Самұрық-Энерго» компаниясына берілуі мүмкін
Бұл туралы Ақордада ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Екібастұз жылу-электр орталығы екі жақты меншікте. Үкімет резервінен қаржыландырылған қазандық қондырғыларының бір бөлігі жергілікті атқарушы органдардың балансына берілді. Станцияның екінші бөлігі қазіргі иелері – Орталық-Азия электрэнергетикалық корпорациясында қалды.
– Енді біз бұл энергетикалық активті «Самұрық-Энерго» компаниясының жедел басқаруына беру туралы айтып отырмыз. Яғни, қаржыландыру, басқарудың тиісті сапасы, жөндеу науқаны «Самұрық-Энерго» есебінен толығымен қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті энергетика министрі.
Оның айтуынша, алдағы уақытта Екібастұз ЖЭО-ның сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін бұл активті «Самұрық-Энергоға» беру мәселесі туындауы мүмкін.