Павлодарда гидравликалық сынақтарда анықталған зақымдар жойылуда

Дүйсенбі күні оңтүстік және солтүстік желілік аймақтар бойынша ыстық су беру кестесі жарияланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков гидравликалық сынақтардан кейін жылу желілеріндегі зақымдарды жою жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды тексерді.
–Сынақ нәтижесінде оңтүстік желілік аймақта 69 зақым анықталды: оның 17-сі магистральдік желілерде, 52-сі аулаішілік желілерде. Бүгінгі таңда 17 зақым жойылды, – деп жазды Хасар Хабылбеков жеке парақшасында.
Солтүстік желілік аймақта 51 зақым тіркелді: соның 3-і магистральдік, 48-і аулаішілік желілерде. Қазіргі уақытта оларды жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Қала әкімі зақымданған желілерді жөндеу жұмыстарын күшейту үшін қосымша бригадаларды қосу жөнінде тапсырма берді.