Екібастұзда жасөспірім ашық кәріз шұңқырға құлап кетті
Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желідегі ekibasvteme парақшасында Екібастұз қаласында ашық тұрған кәріз шұңқырына бала түсіп кеткені туралы ақпарат жарияланған болатын.
Куәгерлердің айтуынша, құдық Гридин көшесінде орналасқан және екі жыл бойы ашық болған. Облыстық жедел жәрдем станциясында бұл жағдайдың болғанын растады.
– Ер баланың кәріз құдығына құлауы туралы хабарлама сағат 13:39-да түсті. Медициналық бригада оқиға орнына бес минутта жетті. Жаяу жүргіншілер жедел жәрдем келгенге дейін баланы құдықтан алып шықты. Тізе мен арқа жарақатын алған 13 жастағы бала Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, – деді станцияның баспасөз қызметінде.
Облыстық полиция департаментінде аталған оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.