Басып озбақ болған: Павлодар облысында жүргізуші мен жолаушы қаза тапты

Басып озбақ болған: Павлодар облысында жүргізуші мен жолаушы қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы Павлодар - Қызылорда автожолының 244-ші  шақырымында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 ақпан күні Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 

– Салдарынан Павлодар тұрғындары - Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, – дейді департаментте. 

Сондай-ақ Mercedes көлігінің өзге екі жолаушысы - 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы, Lexus автокөлігін тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз  қаласының ауруханасына жеткізілді. 

Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып  тұрағына қойылды.

Фото: Павлодар облыстық ПД