Павлодарда түтін толған тұрғын үйден балалар эвакуацияланды

Павлодарда түтін толған тұрғын үйден балалар эвакуацияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

13 тамызда Гагарин көшесінде орналасқан тұрғын үйде үшінші және төртінші қабаттардағы балкондар өртенді. Жану алаңы 12 шаршы метрді құрады.

– Өрт сөндірушілер мекенжайға жедел келіп, өрттің одан әрі тұрғын үй-жайларға таралуына жол бермей, сөндірді. Өрт сөндіру жұмыстары барысында түтін толған ғимараттан 12 адам, оның ішінде үш бала эвакуацияланды, – деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметінде.

Өрттің себептері анықталуда. ТЖМ балкондарды киіммен, ескі жиһаздармен, макулатуралармен және басқа да заттармен толтырмауды өтінеді.