«Ертіс орманы» резерватында аншлагтар жаңартылуда

«Ертіс орманы» резерватында аншлагтар жаңартылуда
Фото: Константин Шелков

Аншлагтар ормандағы жүріс-тұрыс ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында орнатылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» табиғи кешен және нысана қорғау қызметі бөлімі мемлекеттік инспекторлар табиғи резерват аумағындағы аншлагтарды жаңартып жатқанын хабарлады. 

– Біздің ортақ міндетіміз — орманды қорғау және табиғатты өрттен сақтау. Біз барлық азаматтарды табиғатқа жанашырлық танытып, орман байлығына ұқыпты қарауға, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – деді бөлімде. 

Аншлагтар ормандағы жүріс-тұрыс ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында және халықты ормандарды қоқыс үйінділеріне айналдырмауға, ормандағы отпен абай болуға, от жағудың қарапайым ережелерін сақтауға шақыру үшін орнатылады.

Еске сала кетейік, жуырда өңірге жұмыс сапарымен «AMANAT» КДО партиялық бақылау департаментінің директоры Дәурен Бижуманов және КДО КДП инспекторы Венера Есілбаева келді. Партиялық бақылау департаментінің мүшелері Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Шалдай филиалына барды. Қонақтар өртті алдын ала ескертудің онлайн жүйесін жоғары бағалады.