Павлодарда маңызды футбол матчы өтеді

Павлодарда маңызды футбол матчы өтеді

«Ақсу» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Вахид Масудов шәкірттері чемпионат соңына дейін небары бес матч өткізеді. Команда соңғы орында қалып отыр. Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін «Ақсуға» бірден үш сатыға жоғарылап, ұпай жинау керек. 

Бүгінгі қарсылас та дәл осындай күрес жүргізуде. Соңғы матчта «Оқжетпес» өз алаңында тағы бір бәсекелесі – «Каспиймен» 3:3 есебімен тең түсті. Команданы тәжірибелі Санат Жұмаханов бастап келеді. Шымкент футбол мектебінің түлегі әлдеқашан көкшетаулыққа айналып, команданың көшбасшысы атанды. 2006 жылы ол «Ордабасы» сапында «Ертіске» алыстан гол соғып, командасына ұпай алып бергені қызықты.

Команданың тағы бір белді ойыншысы – серб Срджан Димитров. Шетелдік ойыншысы бес голымен көкшетаулықтардың бас сұрмергені атағына ие. Шабуылшы Руслан Болов та қорғанысқа қауіп төндіреді.

Көріп тұрғаныңыздай, қос команда үшін аталмыш матч аса маңызды, ұпай ауадай қажет. Сондықтан көрерменді тартысты кездесу күтіп тұр.

Матч бүгін 15 қыркүйекте сағат 15.00-де басталады. Оған бір сағат қалғанда жанкүйерлерге арналған мерекелік бағдарлама: концерт, сыйлықтар ойнату мен түрлі конкурстар өткізіледі. 

Фото: Валерий Бугаев