Павлодар көшелерінде ер адам ерсі қылықпен айналысқан
Эксгибиционист жүргіншіні павлодарлық бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кадрда ер адам әйелге жыныстық мүшесін көрсетті.
Оқиғаға облыстық полиция департаменті жауап қайтарды.
– Ер адамның жеке басы анықталды. Бұл азамат денсаулық сақтау органдарында есепте тұрады. Қазіргі уақытта ол облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды, – деді ведомствода.
Бейнежазба қалалық әлеуметтік парақшалардың бірінде пайда болды.