Павлодарда құтқарушылар жанармай құю станциясының жарылуына жол бермеді

Павлодарда құтқарушылар жанармай құю станциясының жарылуына жол бермеді
Скрин: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің парақшасынан

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, облыс орталығының шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы үш текше метр жерасты газгольдері жанған.

– Кейіннен от автожуу ғимаратына ауысқан. Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді, – деп жазылған хабарламада. 

Өрттің шығу себебі анықталуда.