Ақсуда сегіз жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт іздестірілуде

Ақсуда сегіз жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт іздестірілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Марат Бегалинов 2017 жылы 30 маусымға қараған түні жоғалған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Ол біртүрлі жағдайларда достарымен кездесуден кейін хабар-ошарсыз кеткен. Бір топ жас Ақсуда демалған, мүмкін ол сол жерде жанжал болғаннан кейін белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол күннен қайтып оралмады, – дейді Vita еріктілері. 

Іздеушілер күн сайын Ақсуға барып, барлық жерде, тіпті жертөлелерде де іздестірген. Іздеу шараларына Мараттың туыстары мен достары да қатысты.

Оның табылатындығынан үміт үзбеген туыстары сенімді ақпарат үшін сыйақы ұсынуға дайын.