Павлодарда жедел жәрдем станциясының жүргізушісі айыппұл арқалады
Ол жол-көлік оқиғасына себепкер болды деп айыпталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға биыл 28 тамызда орын алған.
Сотта азаматтың «жедел жәрдем» көлігін басқарып Торайғыров көшесімен жүріп, қарсы бағытқа шығып кеткені және сол бағытта келе жатып солға бұрылу маневрін жасай бастаған кезде «Toyota Camry» автокөлігімен соқтығысқаны анықталды.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындамай, 28 тамызда сағат 12:30 шамасында 1-санаттағы шұғыл шақыру алғанымен түсіндірді.
- Назарбаев даңғылынан Химгородокқа қарай жылжып, жоғарыда аталған учаседе басқа автокөліктер оған жол берген, сол жақ шеткі жолақпен жүрген, корпустың жарты бөлігімен үздіксіз сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шыққан. Жәбірленушінің көлігі оның алдында келе жатқан, ол оны көрмеген және естімеген, дегенмен де ол автобекеттен қоңырау түскен кезден сирена және арнайы шамын қосып қозғалған, - делінген хабарламада.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтың кінәсі әкімшілі құқық бұзушылық туралы хаттамамен, көлік құралдарының қозғалысын көрсете отырып, ЖКО схемасымен, жолда орналасқан жері, ЖКО-дан кейінгі автокөліктердің соқтығысқан жерімен және орналасқан жерімен, алынған механикалық зақымданулармен, ЖКО қатысушыларынын жазбаша түсіндірмелері олардың соттағы айғақтарына сәйкес келетіндігімен, ЖКО жасалған сәт тіркелген бейнежазбамен расталды.
Сот жедел жәрдем жүргізушісін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.