Павлодар облысында 75 велосипед ұрлығы тіркелген
Полицейлер сақтық шараларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде өңірде 75 велосипед ұрлығы тіркелген.
– Мысалы, полицияға Бұқар жырау көшесіндегі үйдің ауласынан «Stels» маркалы велосипед ұрланғанын мәлімдеген қала тұрғыны жүгінді. Сондай-ақ дәл осындай өтініш облыс орталығының тұрғынынан түсті. Екі жағдайда да иелері велосипедтерді қараусыз қалдырған, – дейді департаментте.
Мұндай қылмыстардың жасалуына велосипед иелерінің өз мүлкінің сақталуына жеткіліксіз көңіл бөлуі, велосипедтерде сәйкестендіру белгілерінің болмауы себеп болады.
Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.