Павлодар облысында бірінші ауысымның оқушылары қашықтықтан оқиды

Павлодар облысында бірінші ауысымның оқушылары қашықтықтан оқиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлімдеді. 

- 20 ақпан күнгі ауа райының қолайсыздығына яғни көктайғаққа байланысты Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы мектептердегі бірінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Ал аудандарда оқу штаттық режимде жалғасады.