Павлодар облысында наурызда ауа температурасы +15 градусқа дейін көтеріледі
Ауа температурасының орташа көрсеткіші қалыпты деңгейден жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, наурыз айының орташа көпжылдық температурасы -4,8…-7,9 градус аралығын құрайды.
Айдың басында түнгі уақытта ауа температурасы -13…-18 градустан -8…-13 градусқа дейін, ал күндіз -3…-8 градустан -3…+2 градусқа дейін болады деп күтіледі. Одан кейін сынап бағанасы төмендеп, түнде -24 градусқа дейін, күндіз -7…-12 градусқа дейін суытуы мүмкін.
10 наурыздан кейін ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, түнде -3…+2 градус, күндіз +7…+12 градусқа дейін көтеріледі, облыстың оңтүстігінде +15 градусқа дейін жетуі ықтимал.
Ай соңында ауа райы құбылмалы болады. Түнгі уақытта температура +2 мен -13 градус аралығында, ал күндіз +15 пен -3 градус аралығында өзгеріп тұрады.
Жауын-шашын мөлшері 12-21 мм болатын қалыпты деңгейден жоғары болады деп болжануда. Жиі қар аралас жаңбыо, жел, тұман күтіледі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.