Павлодарда жүргізуші бетонды блокқа соғылды

Павлодарда жүргізуші бетонды блокқа соғылды
Фото: Константин Шелков

Жүргізушіге медициналық көмек керек болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15:00 шамасында Ломов көшесінің бойында «Lexus» маркалы автокөлігін тізгіндеген әйел бетонды блокқа соғылған. 

– Аталмыш жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық көмекке жүгінді,– деді департаментте. 

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция сараптама тағайындап, тергеу жүргізуді бастады.