Павлодарлық жатақханада студент қыздың мәйіті табылды
Ол өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бойжеткеннің мүрдесі Павлодар жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасынан табылды. Облыстық полиция департаментінде қайғылы оқиғаны растады.
– ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді департаментте.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.