Павлодарда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді

Павлодарда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрмеде өңірдің үздік өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

15 шілдеде Естай атындағы мәдениет сарайында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесі өтеді.

Іс-шара сағат 11:00-де басталады. Келушілерге Павлодар облысының кәсіпорындары мен өңірлік тауар өндірушілерінің өнімдері таныстырылады.

Көрмеде жергілікті шикізаттан жасалған өнімдер, табиғи азық-түлік, ұлттық қолөнер бұйымдары, инновациялық әзірлемелер ұсынылады. Сондай-ақ қонақтар өнімдердің дәмін татып көре алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме жергілікті брендтерді танытуға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Көрмеге кіру тегін.