Павлодарда әйелдер футболының алғашқы маусымы ашылады

Павлодарда әйелдер футболының алғашқы маусымы ашылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ашылу матчында «Ертіс» пен «Шахтер» жас тәрбиеленушілері кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

7 маусым күні Павлодар қаласының Орталық стадионында тарихта алғаш рет Freedom QJ League әйелдер маусымының басталуына орай үлкен футбол кеші өтеді.

– 2009 жылдан үлкен емес қыздардан құралған сегіз команда алғаш рет ересек кәсіпқойлар жаттығатын  форматта: апталық жаттығу циклына арналған күнтізбемен, ыңғайлы логистикамен және жайлы қонақүйлерде тұра отырып, бәсекеге түсе алады. Freedom QJ League қонақтар командаларының шығуын ұйымдастырудың барлық шығындарын өз мойнына алады, – дейді ұйымдастырушылар.

Кештің басты оқиғасы – турнирдің ашылу матчы. Онда павлодарлық «Ертіс» пен қарағандылық «Шахтер» командаларының жас тәрбиеленушілері кездеспек.

– Іс-шараның ұраны: «Әйелдер футболы — жаздан да жарқын». Кеш барысында балалар мен ересектерге арналған түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Қонақтарды «Успей поймать», «Бей пенальти», балалар батуты, «Молот Тора», «Кольцеброс», «Ханой мұнарасы», футбол дартсы сияқты аттракциондар, фудкорттары бар чилл-аймақ және диджей сүйемелдеуі күтеді, – делінген хабарламада.

Іс-шараның хедлайнері – белгілі әнші, «Зымыран» және «Сен туралы» хиттерінің авторы Мирас Жүгінісов. Матчтың басталуы – 19:00-де, матч алдындағы белсенділік 17:30-да басталады.

Билеттерді Freedom Ticketon сайтынан сатып алуға болады.