Павлодарда Абай оқуларының жеңімпаздары анықталды

Павлодарда  Абай оқуларының жеңімпаздары анықталды

Байқау 1-4-сынып оқитын балалар арасында өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Білім додасында 41 мектептің 173 оқушысы бақ сынады. 

Абай шығармалары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпайды және қазіргі ұрпақ үшін қызықты. Оқулар Абай шығармаларын білу және орындау үшін өткізілді, – дейді «Павлодар дарыны» орталығының әдіскері Айгүл Шакенова. 

Байқау қорытындысы бойынша 131 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 16, II орын - 59, III - 56.

«Өлең - сөз патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша бірінші орынды 1-сынып оқушылары арасында Абай шығармаларын жатқа оқу сайысында Жәннат Ерғалиқызы және Ақылбек Дарын иеленді. 2-сынып оқушылары арасында Арна Ақылбек, 3-сынып оқушылары арасында Елназар Аймақ, Роман Кутышев, 4-сынып оқушылары арасында Жігер Хайратұлы, Зарина Ақылбекова иеленді. 

Жас өрендер ұлы Абайдың шығармашылығын жақсы білетіндерін көрсетті. Олар Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен сәлем жазамын», «Жол көрме, жоба білмек, жиһан кезбек», «Жасыма ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін жатқа оқыды.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» бағытында І орынды 1-сынып оқушылары арасында Абай әндерін орындаудан Сапарғали Саида, Хавалхан Нұрислам иеленді. 2-сынып оқушылары арасында Қайыркен Балнұр, 3-сынып оқушылары арасында Алинура Қаратаева, Айзере Мұхамеджанова, 4-сынып оқушылары арасында Айзада Шаһарман, Берекелі Бексұлтан, Аяжан Тоқтар, Анастасия Федорова иеленді. 

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.