Павлодарлық жас әншінің бейнебаяны MUZZONE телеарнасында көрсетілмек
Бейнебаянда облыс орталығының көрікті жерлері көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биылғы ERTIS DAUYSY байқауы Павлодар облысының әкімдігімен ұйымдастырылып, облыс әкімінің қолдауымен өтті. Қатысушылар алдын ала іріктеуден өтіп, көрермендер мен қазылар алқасы алдында үлкен сахнада өнер көрсетті. Көрермендер дауыс беріп, ең үздіктерді таңдады. Жеңімпаз Дәния Усинаға авторлық ән, кәсіби бейнебаян, MUZZONE телеарнасында бейнебаянның ротациясы, радиода әннің ротациясы берілді.
– Жарқын, әсерлі және шабытқа толы бейнебаян – жаңа жұлдыз Дәния Усинаның таланты, харизмасы мен ерекше дауыс қуатын паш етеді. Бұл бейнебаян – жеңістің, музыканың және шынайы сезімнің символы, ол «Ertis Promenade» сахнасынан үлкен арманға дейінгі жолды бейнелейді, – деді MUZZONE ақпараттық-танымдық музыкалық телеарнаның парақшасында.
Бейнебаян қазірдің өзінде MUZZONE телеарнасының YouTube арнасында қолжетімді.
Айта кетейік, ERTIS DAUYSY жобаның мақсаты – жас таланттарды қолдау және аймақтың музыкалық мәдениетін дамыту. Бұл жас орындаушылардың армандарын жүзеге асырудың және музыкалық мансапқа алғашқы қадам жасаудың үлкен мүмкіндігі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram