Павлодарда ер адам жоғалып кетті
Ол ауруханадан шығып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» іздестіру тобының мәліметінше, 20 шілде күні сағат 11:00 шамасында ер адам облыстық Г.Сұлтанов атындағы ауруханадан шығып кеткен. Алайда қай жаққа жол тартқаны жайлы ақпарат жоқ.
– Жоғалған адамның бойы 174 сантиметр, шашы қысқа, ағарған, оң жақ бетінде шағын тыртық бар,– дейді «VITA» іздестіру тобы.
Еске сала кетейік, тағы бір ер адам жоғалған. Ол Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансердің тізімінде тұр. Еріктілердің айтуынша, оның іс-әрекеттері адамға біртүрлі болып көріну мүмкін. Оны мас күйіндегі адаммен шатастыра аласыз. Ол қара трико, көк майка, қара аяқ киім киген.
Жоғалған адамдар жайлы ақпарат болса төмендегі нөмірлерге хабарласуларыңызға болады.
+7 747 615 55 63
+7 777 334 8201