Ақсу маңында жүргізуші қарсы жолаққа шығып кеткен

Ақсу маңында жүргізуші қарсы жолаққа шығып кеткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құқық бұзушылық «Атамекен – Курчатов» автожолында тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, Skoda Rapid автокөлігінің жүргізушісі екіжақты қозғалысы бар екі жолақты жолда қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған жолаққа шыққан.

– Құқық бұзушыға қатысты материалдар рәсімделіп, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді қалалық полиция бөлімінің бастығы Айдар Сламбеков.

Полиция қарсы жолаққа шығу жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең қауіпті түрлерінің бірі екенін ескертті. Мұндай әрекеттер ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзінің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуге шақырды.