Павлодарда көлік электр бағанына соғылды

Павлодарда көлік электр бағанына соғылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

20 жастағы бойжеткен зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

19 тамызда Сәтбаев-Толстой көшелерінің қиылысында Toyota Highlander және Lexus маркалы көлік құралдары соқтығысқан. 

– Салдарынан Toyota Highlander көлігі электр бағанасына соғылды. Тексеру жүргізіледі, – деді облыстық полиция департаментінде. 

Жедел жәрдемге ЖКО туралы шақыру сағат 18:06-да келіп түсті. Зардап шеккен 20 жастағы қыз №1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.