Павлодарда «Қайсар» спорт клубына жөндеу жүргізіледі
Қала әкімі Ержан Иманзайыпов «Қайсар» және «Тарлан» балалар- жастар спорт клубтарына барды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Қайсар» клубы – балалар мен жастардың бокс, каратэ-до, гір спорты, армрестлинг, еркін күрес, муайтай сияқты спорт түрлерімен айналысатын орын. Сондай-ақ, клуб түрлі жарыстар өткізеді. Тәрбиеленушілері тек облыс деңгейінде ғана емес, республикалық және халықаралық жарыстарда да жақсы нәтижелер көрсетуде.
– Спорт адамның мінезін тәрбиелейді, ерік-жігерін нығайтады және тәртіпке келтіреді. Сондықтан өскелең ұрпақтың бос уақытына көп көңіл бөлу қажет. Қазіргі уақытта «Қайсар» балалар-жастар спорт клубында спортпен шұғылдануға қажетті жағдай жасау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған байланысты спорт бөліміне жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырдым, – деп жазды Ержан Иманзайыпов Іnstagram парақшасында.
Тағы бір сұранысқа ие орын – 2012 жылы ашылған «Тарлан» балалар-жастар клубы. Мұнда жас спортшылар үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, шаңғы жарысы, жеңіл атлетика, регби, грек-рим күресі, көркем гимнастикамен шұғылданады.
«Тарлан» клубына велосипедтер сатып алып, велотуризм бойынша нұсқаушының штат бірлігін ашу көзделіп отыр. Спорт бөліміне «Тарлан» БЖК үшін велосипедтер сатып алу үшін үнемдеуден қаражат қарастыру тапсырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram