Павлодарда көлік жанды

Павлодарда көлік жанды
Фото: ТЖМ

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусымда сағат 14.38-де жеңіл көлік өртенгені туралы хабарлама түскен.

– Тілсіз жау шақыру түскен сәттен бастап өрт сөндірушілердің күшімен 13 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда, – деп жазылған хабарламада.

Ведомствода азаматтарды сақ болуға шақырады. Егер көлігіңізде жүргізу кезінде өрт шықса, дереу көлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріңіз және барлық жолаушыларды шығарыңыз.