Павлодарда балаларға арналған тегін үйірмелер туралы чат-бот іске қосылды

Павлодарда балаларға арналған тегін үйірмелер туралы чат-бот іске қосылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үйірмелер бірнеше бағыт бойынша бөлінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі облыс орталығындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептен тыс ұйымдардың тегін үйірмелері туралы білуге болатын чат-ботты іске қосты. Ол үшін Telegram қолданбасын жүктеп алып, іздеу арқылы @uirme_pavlodar_bot тауып алу қажет. 

– Бот сізге қолжетімді үйірмелер мен секциялар, сондай-ақ олардың кестесі, өтетін орны және байланыс деректері туралы ақпарат береді. Балаңыздың қабілетін ашу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, – деді қалалық білім беру бөлімінде. 

Чат-бот өнер, шығармашылық, спорт, ғылым сияқты әртүрлі бағыттардағы үйірмелер ұсынады. Өнер және шығармашылық бағытының ішіне сурет салу және кескіндеме, музыка және вокал, би және хореография, сәндік-қолданбалы өнер кіреді. Спорт және белсенді өмір салты бағытының ішіне шағын футбол, бокс, каратэ, муай тай, асық ату, күрес жатады. Ал білім беру секцияларында тіл және математика курстары, экология үйірмелері бар.