Павлодарда күйшілер байқауы өтеді
Байқау екі кезеңнен тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына орай «Жырларым елге мұра, ұрпаққа аманат» атты күйшілер байқауы ұйымдастырылмақ. Екі кезеңнен тұратын байқауға тек музыка мектептерінің оқушылары қатыса алады.
Бірінші кезеңде қатысушылар Дина Нұрпейісова «Тойбастар» күйін және Рүстембек Омаровтың репертуарынан бір күй орындауы тиіс.
Қазылар алқасы қатысушыларды бағалауда сахна мәдениетіне, орындаушылық шеберлігіне, домбыраның дыбыс сапасына назар қоймақ.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.