Павлодарда Омбы тас жолына шығатын көшелердің бірі жабылады
![Павлодарда Омбы тас жолына шығатын көшелердің бірі жабылады](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202311/image_750x_655d8d6b602f9.jpg)
Әкімдік жүргізушілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Химқалашық жол өткелінің шығыс жағын жамау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Олжабай батыр көшесінен Омбы тас жолына шығатын жол учаскесіне дейін көліктердің қозғалысы шектеледі. Аталған аймақ 19 қаңтарда кешкі сағат 20:00-ден 20 қаңтар сағат 9:00-ге дейін уақытша жабылады.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындардан бағытты алдын ала жоспарлауды ұсынады.