Павлодарда онколог мамандар тұрғындарға тегін кеңес береді

Павлодарда онколог мамандар тұрғындарға тегін кеңес береді

Павлодар онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Облыстық онкологиялық диспансердің хабарлауынша, 22 шілдеде саркома профилактикасына арналған ашық есіктер күні өтеді. 

– Барлық ниет білдірушілерді онкологпен тегін және алдын ала жазылусыз кеңес алуға шақырамыз, – делінген хабарламада. – Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.

Ашық есіктер күніне сағат 9.00-ден 13.00-ге Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы мекенжайы бойынша келуге болады. Байланыс телефоны: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.

Фото: Константин Шелков