Павлодарлық аты аңызға айналған әзербайжан әнін орындады

Павлодарлық аты аңызға айналған әзербайжан әнін орындады
Фото: ашық дереккөздерден

Үзінді «Хабар» телеарнасындағы «OйнаIQ» бағдарламасының эфирінде шырқалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Телебағдарламаның түсірілімі кезінде павлодарлық әнші Ринат Малцагов 1949 жылы Гамбар Гусейнлі мен Тофик Муталлибовтың жазған «Джуджаләрім» («Шөжелерім») әнінен үзінді орындады. Балалар әні бір кездері түрлі фестивальдар мен байқауларда зор қошеметке ие болды. Ән «Ну, погоди!» мультфильмнің алтыншы эпизодында қолданылғанын да айта кеткен жөн.

«OйнаIQ» – отбасымен көруге арналған интеллектуалды ойын-сауық ойыны. Ойынға атақты қазақстандықтардан құралған командалар қатысады. Мұнда шығармашылық және логикалық ойлай алатындар жеңеді. Ринат Малцаговтың қатысуымен өтетін хабар сенбі, 30 қараша күні сағат 23.45-те көрсетіледі.

Әнші 1988 жылы 17 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. Ринаттың бірінші және ең маңызды жетістігі – «Хрустальді қоңырау» байқауында үшінші орын. Содан кейін Италияда өткен «Музыка әлемі» музыкалық байқауында жеңіске жетті. Павлодар тұрғынының нағыз танымалдылығы 2006 жылы SuperStar.KZ жобасының финалисі болған кезде келді. Жоба аяқталғаннан кейін Ринат Pertsy тобына кірді, бірақ төрт жылдан кейін ол жеке мансабын бастады. «Ханшайым», «Шыңырау», «Сенім», «Ұшамын» әндерімен танымал.