Павлодарлық зауытта униформа орнына ұлттық киім киді
Республикалық акцияны еліміздің алдыңғы қатарлы ұйымдары қолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық жұмысшылар мәдени флешмобқа белсенді атсалысты. Өндірістік күл өңдеумен айналысатын кәсіпорын жұмысқа қазақтың ұлттық киімдерін, ұлттық нақыштағы заманауи киім-кешек киіп, әшекей-бұйымдарын тағып шықты.
Кәсіпорынның қаржылық директоры Ілияс Досжанның айтуынша, флешмобқа қатысу арқылы зауыт ұлттық мәдениетті насихаттауға өзіндік үлес қосуға тырысқан.
- Ұлттық рухты көтеріп, патриоттық сезімді нығайту мақсатында кәсіпорнымыз «Ұлттық сезім» республикалық флешмобына қатысты. Біз жұмыскерлеріміздің униформасына қазақтың ұлттық ою-өрнегін салдық. Бұл флешмоб ұлттық брендті насихаттауға және елдегі бірлікті нығайтуға бағытталған дейді, - Ілияс Досжан.
Акцияға 2024 жылдың қаңтар айында жалғасады.