Павлодарлық экологтардың назары жанармай құю бекетіне түсті
Олар көліктерден шығатын уыттылық пен түтіннің мөлшерін тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
13 тамыз күні «Астра» жанармай құю бекетінде полицейлер, экологтар, аманаттықтар және жұртшылықтың қатысуымен «Таза ауа» науқаны өтті.
– Науқанның мақсаты – көліктерден шығатын уыттылық пен түтіннің рауалы шектелген концентрациясының сақталуын қадағалау, – дейді ұйымдастырушылар.
Облыстық экология департаментінің қызметкерлері полицейлермен бірлесіп, өлшеу нәтижелерінің актісі мен хаттамасын жазды. Тексерілген төрт көліктің біреуінде РШК-ның асып кеткені анықталды.