Павлодарда жүргізуші тірек бағанына соғылды

Ол рөлге ие бола алмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 мамырда түнгі сағат 21:00 шамасында жүргізуші Естай көшесінде Toyota маркалы көлік құралын басқара отырып, бағанаға соғылды.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізіледі.
Айта кетейік, оқиғаның фотосы әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды. Желі қолданушылар жүргізуші қатты мас болған деген пікір жазып, болжам жасауда