Павлодарлықтарға 20 мамырда ашық ауада демалуға кеңес беріледі

Павлодарлықтарға 20 мамырда ашық ауада демалуға кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша жасыл деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 16 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы жасыл рейтингке қосқан төмен көрсеткіші.

– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейге сәйкес, аталған концентария бір текше метрге 2,8 микрограмды құрайды, – дейді компания сарапшылары. 

«IQAir» 20 мамырда далада демалуға және үйдегі терезелерді ашық ұстауға ұсынады.

Дәл осындай ауа сапасы ертеңге дейін сақталады.

Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).