Павлодарлықтар Үндістанда өткен Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Павлодарлықтар Үндістанда өткен Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Фото: Виктор Бондарь

Ардагерлер арасындағы жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс 23-рет ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ченней қаласының Джавахарлал Неру атындағы стадионда өткен ауқымды шараға 3000-нан астам спортшы жиналды. Мұнда 35 жастан асқан жеңіл атлетика ардагерлері, masters санатындағы спортшылар өз күшін, төзімділігін сынауда. Қазақстан құрамасы жарысқа рекордтық құраммен 43 спортшымен қатысуда, олардың алтауы павлодарлықтар.

«Павлодар облыстық триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виктор Бондарьдың айтуынша, қазақстандықтар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.

Жарыстың алғашқы күнінде біздің спортшылар бес шақырымдық қашықтықта сенімді өнер көрсетті. Галина Жукова 70–74 жас санатында күміс медаль жеңіп алды. Өзім 60–64 жас санатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атандым. Марина Шнайдер 50–54 жас санатында жоғары нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді. Светлана Лаптева 60–64 жас санатында 100 метрге жүгіруде қола медаль алды. Ал Юрий Теньковский 60–64 жас аралығындағы спортшылар арасында төртінші орынға ие болды. Бұл оның осындай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысуы, деді Виктор Бондарь.

Спортшының, Евгений Архипов үш қарғып секіруден жақсы нәтиже көрсетіп, бесінші орынға ие болды. Осы жарыс түрінен Светлана Лаптева күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Евгений Архипов 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде де бесінші орынға табан тіреді.

Мен үшін жарыстың деңгейі лайықты болды. Бұған дейін де жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысқанмын. Мұндай атмосферада, мықты қарсыластар арасында өзімді сынау қызықты болды. Бұл өте құнды тәжірибе. Себебі мұндай жарыстар тек физикалық дайындықты ғана емес, ішкі жинақылықты да талап етеді. Жалпы алғанда, бәрі жақсы өтті. Ең бастысы жаттығуды жалғастыру керек, деп бөлісті Виктор Бондарь.

Алда павлодарлық үш спортшының 1500 метрге жүгіру жарысы. Чемпионат 9 қарашада аяқталады.