«Ertis» баскетболшылары астаналықтарды қабылдады

«Ertis» баскетболшылары астаналықтарды қабылдады

Бүгін қарсыластар екінші кездесу өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлықтар «Астана Академия» командасымен ойнады. Бірінші екі ширекте қос қарсылас жан алысып-жан берісті. Бірінші ширек 23:22, ал екіншісі – 24:22 есептерімен «Астана Академия» пайдасына шешілді. 

Үшінші он минуттық кезеңде «Ertis» қарқынды күшейтіп, есепте алға шыға білді. Алайда павлодарлық жанкүйердің қуанышы көпке созылмады. Үшінші ширектің соңына қарай елордалықтар ойын тізгінін қайтарынан қолға алып, есепті теңестіріп қана қоймай, алға ұзап кетті. Матч соңында «Астана Академия» тағы да басымдығын танытты.

Қорытынды есеп 90:76 «Астана Академия» пайдасына. Қос команда бүгін жарысты жалғастырады. Матч СДЮШОР №2 (бұрынғы «Автомобилист» СК) алаңында 18:00-де басталады.

Фото: «Ertis» БК