Ақсуда ағаштарды заңсыз кескен ер адам жауапқа тартылды

Ақсуда ағаштарды заңсыз кескен ер адам жауапқа тартылды

Полиция орман алқаптары мен ауылдық жерлерде үнемі рейдтер жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Айнакөл ауылында жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция ВАЗ маркалы автокөлікті тоқтатты.

– Жүргізуші көліктің багаж бөлігінде рұқсатсыз тасымалдаған кесілген ағаш табылды. Ағаштарды заңсыз кесу және тасымалдау, тиісті құжаттардың жоқтығы үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.          

Ведомство ағаштарды заңсыз кесу экологияға қауіп төндіретінін және заңның бұзылғанын, мұндай бұзушылықтар туралы полицияға хабарлау қажет екенін атап өтті.