Павлодар облысында спорттық үйірмелерге тегін қабылдау басталады

Павлодар облысында спорттық үйірмелерге тегін қабылдау басталады
Фото: Константин Шелков

«Artsport» бағдарламасы бойынша спорттық тапсырыс кезегінде қосымша 5928 бала бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, спорттық тапсырыс шеңберінде облыста 27 спорт түрінен 110 өнім беруші жұмыс істейді: баскетбол, бокс, волейбол, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, каратэ, қазақ күресі, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, үстел теннисі, жүзу, спорттық гимнастика, спорттық би, тэквондо, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, футбол, футзал, көркем гимнастика, шахмат, теннис, бейімделген жүзу, бейімделген футбол, бейімделген үстел теннисі, баршаға арналған бочча және бейімделген бадминтон.

Қазіргі уақытта «Artsport» бағдарламасы бойынша 387 жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. 2024 жылы 5000 ваучер берілді. Бүгінгі күні 13 402 бала тегін жаттықты.

Үйірмеге жазылу үшін ата-аналарға арналған ақпарат:

 – artsport.edu.kz сайтына кіру;

– Тіркелу немесе авторизациядан өту;

– «Ата-аналар үшін» бөліміне кіру;

– «Менің балаларым» бөлімінде баланы қосу;

– «Секцияны таңдау» бөлімінде ұйымды таңдау;

– Ұйымның бейінін қарау;

– Бағыт түрін таңдау және жазылу;

– Балаға ваучердің берілуін күту (берілген ваучерді «Менің өтінімдерім» бөлімінен көруге болады);

– Алынған ваучерді өнім берушіде 10 жұмыс күні ішінде іске қосу (Қабылдау үшін қажетті құжаттарды ұсыну және өнім берушімен шарт жасау арқылы);

– Мемлекеттік спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстары шеңберінде ел ауқымында бір балаға арналған спорт секцияларының немесе шығармашылық үйірмелердің қызметтеріне кезекте тұрған баланың заңды өкілінің бір өтінішінен артық болмауына рұқсат беріледі.

Ата-аналардың қатысу табеліне қол қоюы үшін мынаны жасау қажет:

– artsport.edu.kz сайтына кіру;

– e-mail мекенжай және құпиясөз арқылы авторизациядан өту;

– «Ата-аналар үшін» бөліміне кіру;

– Кейін «Келісулер» бөліміне кіру;

– Көк түсті жалаушаны шерту;

– Қатысу күндерін тексеру;

– Табельге қол қою.

Айта кетейік, мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға 2024 жылы – 2 751,5 млн теңге бюджет қаражаты бөлінді (жоспар – 13150 бала).