Павлодарлықтар Месси мен Симон текетіресін үлкен экраннан көреді
Павлодардағы Ertis Promenade алаңында футболдан әлем чемпионатының финалдық ойыны тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
19 шілдеге қараған түні футбол жанкүйерлері жылдың басты матчын бірге тамашалай алады. Павлодардағы Ertis Promenade алаңында футболдан әлем чемпионатының финалдық ойыны тікелей эфирде көрсетіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шешуші кездесуде турнирдің басты фавориттерінің бірі саналатын Аргентина құрамасы Испаниямен кездеседі. Екі құрама да жарыс барысында сенімді ойын өрнегін көрсетіп, финалға дейін жетті. Сарапшылар матчты тең дәрежедегі қарсыластардың тартысты бәсекесі болады деп болжауда. Аргентина өз кезегінде кезекті әлем чемпиондығын жеңіп алуға ұмтылса, Испания тағы бір мәрте әлемнің үздік құрамасы атануға ниетті.
Матчтың тікелей трансляциясы 19 шілде күні сағат 00:00-де Ertis Promenade бас сахнасындағы үлкен экраннан көрсетіледі.
Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды отбасы мүшелерімен және достарымен бірге келіп, шешуші кездесудің атмосферасын бірге сезінуге шақырады.