Павлодар облысында Халықаралық Әйелдер күніне орай мыңнан астам шара өтеді

Павлодар облысында Халықаралық Әйелдер күніне орай мыңнан астам шара өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кітапханаларда, музейлерде тақырыптық көрмелер  шығармашылық  дәрістер, кездесулер, шеберлік сағаттар мен көрмелер  ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан мәлім етті. 

- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қоғамдағы бірлік пен келісімді, тұрақтылықты нығайтуға бағыттау мақсатында облыс бойынша мыңға жуық  іс-шаралар ұйымдастырлады. 4 наурыз күні Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Әйел-әлемді жарыққа бөлейтін рух пен шабыттың бастауы» атты әйел суретшілері Галина Беспалова, Ольга Ловина, Алтын Кисамиденованың  қатысуымен мастер-класс, кездесу кеші өтеді, - деді ол. 

Сол күні Екібастұз қаласында «Өнер» мәдениет срайында Ертіс-Баян театрының екінші премьерасы қойылады.  

5 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сұлулық сыры-әйел әшекейінде» кітап көрмесі жоспарланған. 

6 наурыз күні Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде бизнесте, креативті индустрияда және цифрлық салаларда өз жобаларын дамытатын әйелдердің қатысуымен «Әйелмен әлем әдемі»атты ашық микрофон ұйымдастырылады. 

8 наурыз күні  Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда концерт, 

Батыр молл сауда кешенінде «Шаңырақ» облыстық орталығының мерекелік концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сондай-ақ, Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында (8 наурыз)  және  А.П. Чехов атындағы облыстық драма театрында (6-7-8 наурыз) комедиялар қойылады.

Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын Естай атындағы мәдениет сарайында 6 наурыз өткізу жоспарланған. Мәдениет сарайының фойесінде облыстық музейлермен көрме қойылады.

- Көрермендер залында өтетін «Бар сұлулық әйелде» концерттік бағдарламаның болжамды басталуы уақыты сағат 11.00-11:30-да. Концерттік бағдарлама барысында облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның әртістері, Ж.Аймаутов атындағы қазақ музыка-драма театрының актерлары мен арнайы шақырылғын эстрада әншілері Жанболат пен Жазира өнерлерін көрсетеді, - деді Медет Тауасқан. 

Екібастұз қаласында «Әлемге нұр сыйлаған аналар»  салтанатты жиын 6 наурыз күні «Өнер» мәдениет сарайында өтеді. 

Ақсу қаласында «Мейірім мен махаббат иесі – Ана» салтанатты жиын 6 наурыз күні С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырыладыү

5-8 наурыз күні қалалар мен аудандарда жоспарға сәйкес мерекелік концерттер өтеді.