Сол оқиғаға тап болғандай күй: Павлодарда пейзаждар көрмесі өтуде
Автор – белгілі кескіндеме шебері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Нағымбек Нұрмұхамедов атындағы облыстық өнер мұражайының қызметкерлері суретші Виктор Батуриннің 160 жылдығына көрме дайындады. Көрменің ортаңғы бөлігін пейзаж стилінде салынған суреттер алады.
Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, коллекцияда Виктор Батуриннің алты шығармасы бар: «Орман», «Найзағай», «Ит пен аңшы», «Қырым пейзажы», «Шалғындағы аңшы», «Ясная полянадағы гүл бағы».
– Батуриннің есімі Павлодардың рухани өмірінің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Жоғары бейнелеу мәдениетінің шебері Павлодарда өзін бірнеше қызметте танытты: станокшы, ұстаз және театр безендірушісі, – деп хабарлады мұражайда.
Келушілер Виктор Батуриннің мәнерін шындықты бастапқы таза күйінде бейнелей алуынан көре алады. Портреттер құдды бір жанды сурет сияқты, адамның мінезі мен эмоциясын ашады. Көрмеге келгендер суретке қарап, тұрып ішіндегі оқиғаға тап болғандай әсер алады.
Суретші жас кезінен танымалдылыққа ие болған. Атап айтқанда, оның «Ағаш кесу» картинасын әйгілі галереяның иесі Петр Третьяков сатып алған. Қазіргі таңда бірқатар туындылары Тула облыстық өнер мұражайында, Мәскеу, Ульяновск, Омбы, Иркутск, Самара қалаларындағы Лев Толстой мұражайларында, сондай-ақ Алматыдағы Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы.
Павлодарда көрме қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.