Ақсу қаласының жастары зорлық-зомбылыққа қарсы акцияны қолдады

Ақсу қаласының жастары зорлық-зомбылыққа қарсы акцияны қолдады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар профилактикалық сипаттағы ақпараты бар жадынамаларды таратты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясына Ақсу қаласының құқықтық тәртіп сақшылары мен белсенді азаматтық ұстанымы бар жастар қатысты. Қатысушылар қоғамдық орындарда, сауда үйлерінде, қала көшелерінде тұрғындарға профилактикалық сипаттағы ақпараты бар буклеттер, жадынамалар таратты. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық туралы хабарлауға болатын байланыс нөмірлерімен бөлісті.  

– Осындай акцияға қатысуды өзім шештім. Бұл мәселе қазір жастар арасында өте өзекті. Азаматтарға заңсыз әрекеттің куәгері болып қалған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажет екенін ескердік. Біздің үнсіздігіміз ауыр зардаптарға әкеледі. Бірінші кезекте әркім өзінен бастау керек,–дейді акцияға қатысушы Мария.

Полицейлер акция аясында басқа да мүдделі органдармен, үкіметтік емес бірлестіктермен, еріктілермен, жұртшылықпен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің жолын кесуге, ана және әке мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға, халықты қабылданып жатқан профилактикалық шаралар туралы таныстыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізетінін еске салды. Профилактикалық іс-шара 10 желтоқсанға дейін жалғасады.