Павлодарда үздік пижамалар дефилесі өтеді
Келем деушілер үшін кофе-брейк ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
9 ақпанда кешкі сағат 18:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында пижама кеші болады. Кештің дресс-коды: пижама киіп келу.
– Шақырылатын психолог өзіне деген сенімділікті қалай қалыптастыру керектігін айтады. Бачата студиясының жаттықтырушысы биді жақсы көретін павлодарлықтар үшін латын билерін үйретеді. Ал қыз-келіншектер бір-бірінің қолына қынамен сурет салады, – деді орталықта.
Сондай-ақ, караоке мен кофе-брейк ұйымдастырылады. Іс-шара соңында дефиле көрсетіліп, үздік пижама киген тұрғынға дүкенге сертификат сыйға тартылады.