Павлодар сахнасында Әлішер Каримов өнер көрсетеді
Ertis Promenade-та алдағы аптада өтетін спорттық жаттығулар мен шығармашылық концерттердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
11 маусым күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Павлодар на спорте» жобасы аясындағы көпформатты жаттығулар өтеді.
12 маусымда сағат 19:00-де Павлодар ауданының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.
13 маусым күні таңғы сағат 9:00-ден 10:00-ге дейін «Павлодар на спорте» жобасы жалғасады. Ал кешкі сағат 19:00-де «Шернияз» би ансамблінің қатысуымен «Биле, Павлодар» концерті өтеді.
– 13 маусым күні сағат 20:30-да қазақстандық эстрада әншісі Әлішер Каримов Ertis Promenade сахнасында өнер көрсетеді, – деді ұйымдастырушылар.
14 маусымда сағат 19:00-де тұрғындар мен қала қонақтары «Кинопробы» рок-тобының концертін тамашалай алады.
Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды Ertis Promenade алаңында өтетін мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуға шақырады.