Павлодарлық жас экологтар планетаның ластануын сахналады

Павлодарлық жас экологтар планетаның ластануын сахналады
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Естай атындағы мәдениет сарайында «Жердің SOS» қайырымдылық экологиялық спектаклі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қойылымды Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 бейіндік мектебі «Бітпес» республикалық қайырымдылық марафоны аясында «Самал» оңалту орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды. Мектеп бірнеше жылдан бері «Жасыл мектеп» мектеп жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түрлі іс-шаралар өткізуде. «Самал» оңалту орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. 

Спектакль «Экожастар» клубының 7-8-сыныптарының сегіз оқушысының, мектептің «Мәдени революция» би ұжымының және «Самал» орталығы балаларының қатысуымен ұсынылды. Клуб жетекшісі – Диана Мартынович, би ұжымының жетекшісі – Олеся Мельнова. Мектеп педагогтары. Спектакльдің негізгі сюжеті планетаның ластану мәселесін ашуға және дағдарысты шешу жолдарына арналған.

– Спектакль барысында балалар өздерін күрделі рөлдерді ойнайтын нағыз әртістер тәрізді көрете білді. Олардың күйзеліс сезімі аудиторияға берілді. Спектакль Жер планетасы, табиғат пен жануарлар әлемін сақтау, қорғау туралы баяндайды. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы әрқашан біздің әлемде басты және өзекті мәселе болып қалады береді, – дейді режиссер, «Самал» орталығының жоба менеджері Нина Москаленко. 

«Самал» орталығының балалары Табиғат - Жер, Адам, Табиғат, Гүл, Қара аққу рөлдерінде сомдады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары Ақ аққу, Арыстан, Бұғы және Күн рөлдерін көрсетті. 2-5-сыныптардың тоғыз оқушысынан тұратын би ұжымы қойылымның көркін ашты. Олар қазақ биін, «Иван-Купала», «Қоңыраулар», «Қара жорға» билерін орындады.

– Біз айналамыздағы табиғаттың сұлулығын тамашалауға дағдыланғанбыз. Құстардың әнін тыңдаймыз, нәзік гүлдерді тамашалаймыз, бірақ біз өмір сүріп жатқан таңғажайып, ерекше әрі нәзік әлемді сақтау қаншалықты маңызды екенін жиі ойламаймыз. Сондықтан спектакльдің түпкі ойы – көрермен бұл көріністен кейін табиғатты және оның тұрғындарын қорғау, сүю және қорғау үшін не қажет екенін нақты түсінуіне әсер ету, – дейді мектеп басшысы  Рифкат Мұратов.

«Самал» орталығы спектакльден түскен қайырымдылық қаржыны ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге қажетті материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсайды.