Павлодарлық суретшілер халықаралық байқауда жүлде алды
Байқау Астана қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараны Астана қаласының «Балалар көркемсурет мектебі» - ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды.
12-15 жас аралығындағы Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 13 оқушысы сәндік-қолданбалы өнер бойынша XVII халықаралық «Туған жерім» балалар байқауына өз жұмыстарын жолдады.
– Оқушылардың жұмыстары сәндік-қолданбалы өнердің түрлі техникаларында орындалды, – дейді директордың орынбасары Инна Масленникова. – Жұмыстар қолөнер, кесте тігу, матаға сурет салу, ұлттық бояуды қолдана отырып тігу бойынша ұсынылған. Өйткені, бұл – тарихпен, ежелгі ұлттық мәдениетпен байланыс.
Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық төрт оқушы жүлделі орындарға ие болды. 14 жастағы киіз басу техникасындағы «Дала музыкасы» жұмысы үшін I орынды Айпара Сыздықова жеңіп алды.
13 жастағы батик техникасындағы «Әуе ноталары» жұмысы үшін II орынды Елизавета Клочкова, 15 жастағы батик техникасындағы «Таза тоғандар» жұмысы үшін Милена Немова, 12 жастағы аралас техникадағы «Қозы» коллажы жұмысы үшін Малика Сұлтанова III орынды иеленді. Олардың педагогтері – Алтын Кисамиденова, Лариса Кузнецова, Татьяна Ахметжанова, Светлана Рейн.